Оралда жантүршігерлік жол апаты болды
Depositphotos.com
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Policia.kz-ке сілтеме жасап.
5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жігіт 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 маркалы автокөлігіне соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Toyota жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17