Тоғызыншы қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды

23.07.2019 21:06

Бала құлаған кезде үйде анасы мен бауырлары болған

Мәскеу облысындағы Балашиха қаласында тоғызыншы қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 шілде күні Балашихада биіктен құлап, жарақат алған екі жасар бала ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнын тексерген тергеушілер сәбидің тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткенін анықтады», - дейді Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының өкілі Ольга Врадий.

Бала құлаған кезде пәтерде анасы, 2014, 2016 жылғы екі әпкесі және 2019 жылы туған інісі болған. Қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр.

Теги: Мәскеу