Алматыда жантүршігерлік жол апатына себепкер болған Геленваген көлігінің жүргізушісі рөлге мас күйінде отырған. Бүгін қалалық Полиция департаменті осындай жаңа дерек айтты.
Белгілі болғандай, қымбат темір тұлпарды тақымдаған жүргізуші 29 желтоқсанда қаладағы түнгі клубтардың бірінде демалған.
Еске сала кетсек, Жаңа жыл қарсаңында болған жол апаты салдарынан үш адам жантәсілім етті. Ал аман қалған Айзада Сатыбалдиеваның бас миына ауыр зақым келіп, бірнеше қабырғасы мен сол қолы сынып, қазір ауруханада жатыр. Денсаулық жағдайын дәрігерлер «орташа ауыр» деп бағалап отыр. Алайда, кеше ақ халаттылар оның толық сауығуына төрт айдай уақыт қажет деп мәлімдеген болатын.