«Денесін бөлшектеп тастаған»: Жезқазғанда ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жезқазған қаласының маңындағы су қоймасы жағалауынан бөлшектелген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жезқазған қаласы ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері тергеу барысында қаза болған жігіттің 33 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады.
Белгілі болғандай, Жезқазған қаласының 55 жастағы тұрғынын ұстады. Анықталғандай, қаза болған жігіт пен күдікті екеуі ішімдік ішіп отырып, жанжалдасқан. Ашуға мінген ер адам жанындағы жігітті пышақтап, денесін бірнеше бөлікке бөліп тастаған. Аталған факті бойынша ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, тиісті сараптама тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25