5 көлікті соққан: Қарағанды қаласында Land Crusier көлігінің жүргізушісі қалғып кеткен

21.10.2019 21:09

Апат салдарынан 25 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді

Қарағанды қаласында Land Crusier көлігінің жүргізушісі тұраққа қойылған көліктерді соғып тоқтап, сол жерде ұйықтап қалған. Оқиға орнына барған полиция полкі мен жедел-тергеу тобы көліктің 49 жастағы жүргізушісі мас күйінде үйдің ауласында тұрған 5 көлікті соққанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Апат салдарынан 25 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада екі ер адам Land Kurzer автомобилінің жүргізушісін полицейлерден алып кетпекке әрекет жасайды. Жүргізуші де қоқан-лоқы көрсетіп, кінәсін мойындамауға талпынған. Аталған факті бойынша тергеу жұимыстары басталды.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті кешенді сараптамалар тағайындалды. Соның қорытынды бойынша процессуалдық шешім қабылданады», –  деді Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Жанатай СЕМБЕКОВ.