Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр
Алматы облысында орын алған жол апаты адам өліміне әкеліп соқты. Қайғылы жағдай Қапшағай қаласында 6 шілдеде түнгі 01.00 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жылдамдықпен жүйіткіген Шкода маркілі автокөлігі жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген Владимир Власов алты сағаттан кейін көз жұмған. Ал, оқиға орнынан із суытқан күдіктінің қалалық прокуратура жүргізушісі екені анықталды. Жол апаты көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.