Алматыда мониторинг топ қорқор орталығының жұмысын әшкереледі

29.03.2021 21:10

Медеу аудандық мониторинг тобы тексеріс жұмыстарын күшейтті

Медеу аудандық мониторинг тобы тексеріс жұмыстарын күшейтіп, қатаң түрде тыйым салынған қорқор орталығының жұмысын әшкереледі. Кейін мамандар келушілерді сыртқа шығарып, мекеменің әкімшісіне хаттама толтырды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Кафе-ресторан секілді кәсіпкерлік нысандар жұмыс істемеуі керек. Соған қарамастан осындай заң бұзушылықтар анықталып жатыр. Мониторингтік топпен бірге анықтап, құжаттарын дайындап, әрі қарай СЭБ мамандарына жолдаймыз», – деді Медеу аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Нұрқасымов.