Карантин: 27 бекетте 1000-нан аса полиция қызметкері мен 400 әскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2020 в 21:10

Полиция кірген-шыққан адамдардың мекен-жайын анықтап жатыр

tengrinews.kz

Алматыда карантин басталып, қала жабылғалы өтуге тыйым салынған бекеттерде таңнан бері жұмыс қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция  кірген-шыққан адамдардың мекенжайын анықтап тізім жасап жатса, тазалық-індет мамандары тұрғындардың дене қызуын тексеруде. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше  22 наурызға дейін сыртта жүрген қала тұрғындарына шаһарға кіруге, ал Алматыда жүрген басқа өңірлердің азаматтарына тұрғылықты жерлеріне жетіп алуына мүмкіндік беріліп отыр.

«72 сағатты қосымша берген адамдардың санатын атап өтейін: бірінші кезекте Алматыда ресми түрде тұратын тіркеуі бар азаматтар, қандай да бір белгілі себептермен бүгінгі түнге дейін өз үйлеріне жете алмағандар. Олар 72 сағаттың ішінде өз үйлеріне жетуіне болады. Тура осындай белгілі себептермен біздің қаладан басқа өңірлердің тұрғындары шыға алмаған жағдайда осы үш күннің ішінде шығып кете алады», – деді қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат ӘЗІРБЕК

27 блокпостта қазір 1000-нан аса полиция қызметкері мен 400 әскер жұмыс істеп жатыр. Шаруаларын тастап үйлеріне асыққан тұрғындардың саны өте көп. Біреулері шұғыл шаруамен қаладан шығып жатса, біреулері керісінше Алматыға  асыққандар.

БЛИЦ:

– Біз Ұзынағаштан келе жатырмыз.  Атамыз ауырып, тез арада қалаға жіберді. Сол бойынша қалаға көрінуге бара жатырмыз.

– Түнгі ауысымнан шықтық. Білмеймін енді кіргізбейтін шығар. Қалыңдар дейді Алматыда. Үйге бару керек қой бала-шаға, отбасы бар дегендей.