Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін 11 мамыр Буденный көшесі 60 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы сағат 04:18 хабарланды.
«Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Одан 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 6 өрт сөндіру техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04:40 ауыздықталып, 04:48 сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,– деді ведомстводан.