Хостелдегі өрт: дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайы туралы айтты

30.11.2023 21:10

Дәрігерлер «27 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр» дейді

Almaty.tv

Апатты жағдайдан кейін зардап шеккен 4 азамат Алматыдағы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың үшеуі дәрігерлер мен психологтардың көмегінен кейін амбулаторлық емге жіберілген. Дәрігерлер «27 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр» дейді. Ол аурухананың токсикология бөліміне жатқызылған.

– Төрт адамның бірі – шетел азаматы. Үндістан азаматыы. Ол кісі де амбулаторлық емге жіберілді. Жағдайы қанағаттарлық. Қалған үшеуі отандастарымыз, – деді қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың хабарлауынша хостелде отандастарымызбен қатар бірнеше шетел азаматтарының болғанын мәлімдеген еді. Таңалакеуімнен бері мәйітханаға түрлі елдің консулдары келіп ақпарат алуға тырысты. Олар жеке басы анықталған денелердің ішінде өз елінің азаматтары бар-жоғына көз жеткізу үшін келген.

– Қайғылы жағдай болған хостелде Пәкістан азаматтары да тұрған деген ақпарат алдық. Сол себепті қазір осында келіп тұрмыз. Қаза тапқандардың арасында біздің елдің азаматтары жоқ екен, – деді Пәкістан Ислам Республикасының Алматы қаласындағы коммерциялық консулы Мухаммад Фарук.

Оқи отырыңыз: Хостел бойынша қылмыстық іс қозғалды