|
21.05.2023 | 16:26
3738

Шымкентте аттракцион бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды

Енді қала тұрғындары аттракционға техникалық қызмет көрсетіп, оны жөндеу үшін барлық аттракционды жабуды талап етті

Шымкентте аттракцион бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды Кадр из видео/elitar.kz

Шымкент саябағындағы "Бәйтерек" аттракционы бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, аттракцион биіктікте 20 минутқа тоқтап қалған.

Қала тұрғыны Роман сайтқа берген сұхбатында  достарымен саябаққа демалуға барғанын айтқан.

"Біз екі жігіт, төрт қыз болып отырдық. Бір кезде аттракционнан ақау шыққанын байқадық. Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым. 20 минуттай жоғарыда отырып қалдық, содан кейін қызметкерлер бізді түсіре бастады, бірақ толық емес, өйткені құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрды", - деді қала тұрғыны.

Осыдан кейін саябақта дүрбелең басталған, адамдар өз өмірі үшін қорқып, үрейленген.

Енді қала тұрғындары аттракционға техникалық қызмет көрсетіп, оны жөндеу үшін барлық аттракционды жабуды талап етті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир