Алматыдан 183 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.10.2022 21:11

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ

aa.com.tr

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қазан күні Алматы уақытымен 15 сағат 00 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 183 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.7. MPV тербелісі – 4.4. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ», - делінген хабарламада.