МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 13 сағат 36 минут 23 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7, магнитудасы – 4.2. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.