Елорда вокзалында жолсерік тоққа түсіп қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, департаменттің мәліметінше, қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», – дейді ведомстводан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00