Елорда вокзалында жолсерік тоққа түсіп қайтыс болды

12.12.2021 21:11

Қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді»,  делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, департаменттің мәліметінше, қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

«Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», дейді ведомстводан.