Мегаполистегі жол апаты: жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

16.07.2023 21:11

Ол екі жол апатына себепкер болған

Zakon.kz


Таңертең Алматыда Сейфуллин даңғылының бойында Бұлқышев көшесінің қиылысында, сондай-ақ Төретай көшесінің қиылысында қатарынан орын алған екі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


"Mazda 626 маркалы көлігі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан (Бұлқышев көшесін кесіп өтіп бара жатқанда). Осы уақытта солтүстік бағытта Kia Sorento маркалы көлігі келе жатады, бір сәтте жаяу жүргіншілер жолағына бір адам атып шығады. Жаяу жүргіншіні қағып кетпес үшін Kia жүргізушісі рөлді кілт бұрып, жолдың қарсы бетіне ұшып Mazda-ның бір бүйіріне бар күшімен соғылады. Соққының қаттылығынан, Mazda жолдың шетіне ұшып түседі. Kia жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған", - делінген хабарламада.

Куәгерлер оқиға орнына "Жедел жәрдем", полиция мен ТЖ қызметкерлерін шақырған, өйткені Mazda жүргізушісі кабинада қысылып қалған. ТЖ қызметкерлері жүргізушіні кабинадан шығарып алып, жолаушысымен бірге ауруханаға жөнелтті.

Біраз уақыттан кейін "102" пультіне оқиға орнына жақын маңда – Төретай көшесінде бір көліктің велосипедшіні қаққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлер бірінші апат болған жол, яғни асфальт бетінен сызықты байқаған, оның дөңгелегі тесілген Kia-ның дискісінің ізі екені белгілі болды. Бұл із Сейфуллин даңғылы бойымен (Бұлқышев көшесінің қиылысынан) Төретай көшесіне дейін барғанын анық байқауға болады.

Велосипед иесінің айтуынша, ол Төретай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, осы кезде доңғалағы жарылып, әрең сүйретілген Kia жалбыраған темірімен велосипедшіні іліп кеткен. Содан кейін ол көліктен түсіп, екінші апат орнынан жаяу қашқан. Велосипедші жеңіл жарақат алғандықтан ауруханаға барудан бас тартты.

Полиция қызметкерлері саусақ іздерін алып, қазір жүргізушінің жеке басын анықтау үстінде. Оғаш әрекеттеріне қарағанда ол алкогольді ішімдік немесе есірткі тұтынған болуы мүмкін деген күдік бар. Алайда, бұл жағдай кінәлі табылған кезде сараптама арқылы анықталады.