«Жатақханада бомба бар»: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан ер адам қамауға алынды

10.06.2020 в 21:12

Ол келеңсіз қылығы үшін түрмеге қамалуы мүмкін

Ақтөбеде «Жатақханада бомба бар» деп  жалған ақпарат таратқан 31 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, 9 маусымда тал түсте 102 телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхананың бір бөлмесіне бомба салғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен шұғыл қызметтер келіп, жатақхананы қоршауға алды. Алайда ешқандай жарылғыш табылған жоқ. Кейін жедел іздестіру кезінде, жалған хабарлама таратып, шұғыл қызметтерді аяғынан тік тұрғызған адам анықталды. Енді ол келеңсіз қылығы үшін түрмеге қамалуы мүмкін.