Қостанай облысында 16 жастағы бала суға батып кетті

13.06.2019 21:29

alau.kz

Қостанай облысында шомылу маусымы келеңсіз жағдаймен басталды. Облыста екі күнде екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Алтынсарин кентінің шетінде, Тобыл өзенінен Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарып алды. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түсіп жатқанда батып кеткен», - деп мәлімдеді ведомство.

Анықталуынша, жасөспірімнің суға батудан қорғанатын құралдары да болмаған.

Еске сала кетейік, кеше Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 15 жасар жеткіншек суға батып кеткенін хабарлаған едік.