Карантин кезінде өткізілген отбасылық мерекені прокуратура қызметкерлері тоқтатты
Солтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар карантин режиміне қарамастан 40 адамды шақырып, той жасаған. Бұл туралы СҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Карантин кезінде өткізілген отбасылық мерекені прокуратура қызметкерлері тоқтатты.
«Отбасылық шараларды ұйымдастыруға салынған тыйымға қарамастан азаматтар ғимарат жалдап, тойға шамамен 40 адам шақырған. Аталған дерек коронавирус жұғу қаупі жоғары болғандықтан өрескел бұзушылық қатарына жатады. Мерекені ұйымдастырушы қазіргі жағдайды жақсы түсінетін провизор орталығының қызметкері екені қынжылтады», – дейді СҚО Прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Осы жағдай бойынша материалдар Петропавл қаласының ттауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына берілді. Той ұйымдастырушыларына 30 АЕК (83 340 теңге), демалыс орталығының иесіне - 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде айыппұл салынады.