Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

07.04.2024 21:13

Тиісті құжатқа облыс әкімі қол қойды

primeminister.kz

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін облыс әкімі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Атырау облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, - делінген облыс әкімінің шешімінде.

Бұған дейін мұндай төтенше жағдай Қызылқоға және Жылыой ауданында жарияланған. Қазір екі ауданда да төтенше жағдай сақталып отыр.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», мешіт маңы ауылынан 31 наурыздан бері 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Оның 7 396-сы бала. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4 578-і – балалар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалғанын жазған едік.

Тасқын су қаупі Құлсары қаласының 7 шағын ауданына төніп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

«Теңіз» кенішіндегі вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Оқи отырыңыз:

Олжас Бектенов Құлсары тұрғындарымен кездесті