Алматы облысында ер адам сүйіктісін қатыгездікпен өлтірген
Әйелдің жүзі қаннан көрінбей қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында Жаңатұрмыс ауылында ер адам 37 жастағы әйелді айуандықпен өлтірген, деп жазады Zakon.kz.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел бірге тұрған.
Тексеру барысында белгілі болғаны, дастархан басында екеуі бір-бірімен жанжалдасып қалған. Сол уақытта ашуға булыққан еркек әйелге пышақ сұғып алған.
Әйелдің мәйіті өз пәтерінде табылған. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған оның жүзі қаннан көрінбей қалған.
Жантүршігерлік кісі өлімі бойынша 47 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10