Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті
Елордада дәмханадағы жарылыс салдарынан 33 адам зардап шекті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Шұбар ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 33 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді. Бейінді мамандар, медицина қызметкерлері зардап шегушілерге толықтай медициналық көмек көрсетуде», – деп атап өтеді басқармадан. Басқарма мәліметінше, оқиға орнында 3 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Барлығы 22 бригада жұмылдырылған.
Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.