Осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәрбиешінің баланы сүлгімен ұрып жатқаны түсірілген видео тараған еді
Полиция департаменті Ақтөбеде «Чайка» сүйек-туберкулезi балалар шипажайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Баланы сауықтыру лагеріне жібердік. Кейін ол жылай бастады, үйге қайтқысы келген. Онда балаларды ұрып-соғатынын айтты. Шынымызды айтсақ, біз оған сенген жоқпыз. Бірақ видеоны жібергенде шошып кеттік. Мекемеде балаларға ешқандай жағдай жасалмаған, балалар еденде жатыр. Құзырлы органдардан қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», – дейді ата-аналардың бірі.
Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.