Оралда оқушы қыз 9 жылға сотталды

23.01.2020 21:16

Ол өгей әкесін өлтірген

Фото: uralskweek.kz

Оралда оныншы сынып оқушысы Ирина Лапина 9 жылға, ал оның 19 жастағы досы Нұрхан Максот 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталушылар Ирина Лапинаның өгей әкесін өлтірген. Олардың кінәсі толық дәлелденді. Сот шешімімен Ирина Лапина 9 жылға, Нұрхан Максот 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға былтыр 12 тамыз күні болған. Түнгі сағат 00.00 шамасында Ирина Лапинаның анасы Вероника Лапина күйеуімен жанжалдасып қалған. Мас болған Есқалиев әйелі мен 4 жасар қызын үйден қуып шыққан.

«Белгілі болғандай, далада қалған әйел өзінің үлкен қызына хабарласқан. Ирина Лапина досымен бірге көрші ауылдан келіп, Есқалиевті соққыға жыққан. Ол оқиға орнында қаза тапты», - деп жазады басылым.