Шымкентте көпқабатты үйде өрт шықты

18.12.2023 в 21:16

Өрттің себебі анықталып жатыр

2023 жылғы 18 желтоқсанда 14:10-да Тұран ауданы Қонаев даңғылы 91-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр болатын ас үй мен лоджия өртенді.


"Өрт 14:48-де сөндірілді. Баспалдақпен екі адам құтқарылды. Баспалдақ маршымен 50 адам өз бетінше эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.