Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы өмірден озды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Марқұм 56 жаста болған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбделдинов Кеңшілік Кеңесұлы дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қалалық соты, соттар әкімшісі, жалпы басшылық пен судьялар, сондай-ақ Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Ол кісі біздің мәңгі жадымызда», – делінген сот хабарламасында.

Кеңшілік Әбделдинов 1963 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.

Ол еңбек жолын 1992 жылы бастады. Әділет органдарында жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдан бастап Алматы облыстық сотының судьясы.

2013 жылдан бастап Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болған.

Новости партнеров