Оның тиісті құжаттары жоқ және кейбір канистрлерде жапсырмалар да жоқ
Алматы полициясы күмәнді дезинфекциялық өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы ауданының аумағында жеке үйлердің бірінен жалпы көлемі 2 мың 345 литр таза сұйықтық бар 469 бөтелке табылды. Барлық өнімдер одан әрі тексеру үшін тәркіленді.
“Иесінің өзі түсіндіргендей, ол осы “өнімді” досынан қалада сату үшін алды. Алайда оның тиісті құжаттары жоқ. Кейбір канистрлерде жапсырмалар да жоқ. Өндіру әдісі мен химиялық құрамы да белгісіз. Осыған байланысты, біз, өз міндеттерімізге қарай шаралар қабылдадық. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жинаған материалдар Алматы қаласы бойынша ДЭР-ге тапсырылды. Әрине, заңдылық принципі бірінші кезекте келеді, ал, егер бұл сұйықтықтың антисептикалық қасиеттері болмаса, оны қазіргі уақытта сату – тек тұтынушыны алдау ғана емес, жасырын қылмыс. Бұл өнім әр түрлі химиялық қоспалармен дұрыс емес пропорцияда қолмен жасалған жағдайда өндірілсе, ол тіпті адам тұтынуы үшін зиян келтіруі мүмкін. Осы мәселемен “сұйықтық” иесінің іс-әрекетін дәл анықтайтын тиісті органдар айналысады”, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.