Сүйіктісімен жанжалдасып қалған: Қостанайда көпірден секірген жігіт құтқарылды

18.07.2022 21:17

Полицейлер жігітті абайлап суға түсіріп, содан кейін құтқару шеңберімен жағаға жеткізді

шық дереккөзден

Қостанайда сүйіктісімен жанжалдасып, көпірден секірмек болғанда жақтауға ілініп қалған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 шілдеде сағат 21.00 шамасында 102 пультіне ер адам қоңырау шалып, жүріп жүрген қызымен жанжалдасып қалуына байланысты көпірден секіретінін айтқан. Оқиға орнына дереу құрамында полиция аға лейтенанты Арслан Аджабаев пен полиция лейтенанты Дархан Тілеубергенов жеткен.

«Оқиға орнына жеткен кезде бір қолымен көпір жақтауына ілініп тұрған жас жігітті көрдік. Біз өзеннің жағасына қарай жүрдік, сол жақтан айқайлап көмек сұрап тұрған жас жігітті көрдік», - дейді Арслан Аджабаев.

Тәртіп сақшылары дереу құтқару шараларына кіріседі. Көпірден жігітті түсіріп алу мүмкін емес еді. Сондықтан полицейлер суға секіріп, құтқару шеңберін бірге ала кетеді.

«Көпірдің ортасына қарай жүзіп, жігітке көмектесу үшін судан баспалдақпен көтерілдік. Біз оны көпір жақтауынан шығарып, тыныштандыруға тырыстық. Оның қолының сынғанын және секірген кезде басының ісіп кеткенін көрдік», - дейді Дархан Тілеубергенов.

Полицейлер жігітті абайлап суға түсіріп, содан кейін құтқару шеңберімен жағаға жеткізеді. Сол уақытқа дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер де жетеді.

Қызметкерлер төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін марапаттауға ұсынылатын болады.