Биыл 200-ге жуық жол апатынан 20 адам көз жұмған
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 55 жастағы тұрғын көз жұмды. Оқиға облыс орталығындағы Мәншүк Мәметова көшесінде орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ақтөбе қаласындағы Мәншүк Мәметова көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. 55 жастағы жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Салдарынан 23 жастағы қыздың көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты жиіледі. Биыл 200-ге жуық жол апатынан 20 адам көз жұмған. Оның тоғызы жаяу жүргінші.