57 кәсіпкерлік нысан тексерілді
Елорда тұрғыны карантинге қарамастан, 50-ге жуық қонақ шақырып, қызын ұзатқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы мейрамханада дүркіреп өтіп жатқан той кезінде мониторингтік топ тексеруге келген. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан, отбасылық мереке ұйымдастырғандар қатаң ескерту алды. Мейрамхана әкімшісіне қатысты тиісті шара Есіл ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасында қабылданбақ. Анықталғаны, бір тәуліктің ішінде ғана елордалық тәртіп сақшылар 57 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, соның ішінде 43-інде карантин режимінің бұзылғанын анықтаған.