|
Jol
26.07.2024 | 16:19
554

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды өтінеміз

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады elements.envato.com

26 шілдеде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында көлік қозғалысы Алтынсарин даңғылы бойынша №6 қалалық ауруханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

Алтынсарин даңғылындағы қозғалыс солтүстік бағытта ашық болады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Оқи отырыңыз: Алматыда жолайрыққа бұрылатын жолдар түнде жабылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир