Әйел карантинді, кейбір азаматтардың қазір жұмыстан босатылғанын және уақытша жұмыс іздеуі мүмкін деген факторды пайдаланды
Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері азаматтардың үлкен көлемде ақшаларын алаяқтық жолмен пайдаланып, оларға жалақысы жақсы жұмыс ұсынған әйелді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«1985 жылы туған 35 жастағы азаматша бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, аңқау қала тұрғындарына қарсы алаяқтық жасаған. Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында ол Абай даңғылымен Саин көшесінің қиылысында тұрып, сенгіш азаматтарға жақындап, жұмыс қажет па деген сұрақтарын қойған. Әйел карантинді, кейбір азаматтардың қазір жұмыстан босатылғанын және уақытша жұмыс іздеуі мүмкін деген факторды пайдаланды. Күдікті – жақсы психолог, ол зардап шеккендермен тез арада сөйлесіп, оларға тартымды жалақысы бар мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға көмек бере алатындығына сендірді. Қызметтері үшін азаматтардан сыйақы алды, бірақ кейіннен – ақша да, жұмыс та жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімге екі адам осы эпизодтар бойынша жүгінді», – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.
Сонымен қатар, полиция күдіктінің қаланың аумағында және басқа аудандарында заңсыз әрекеттер жасаған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты азаматтарға жүгінеді. Алдаудың басқа эпизодтары туындаған жағдайда полицияға мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35.