Талдықорғанда әскери қызметкерді атып кетті

25.12.2019 21:44

Марқұмның денесінде оқ тиген жарақаттар бар

Алматы облысында әскери қызметкерді атып тасады. Марқұмның денесі 2019 жылдың 24 желтоқсанында Талдықорған қаласы Қаратал шағынауданындағы аулалардың бірінен табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдегі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, жергілікті әскери бөлімдердің бірінің 36 жастағы әскери қызметшісінің денесі Қараталдағы ауладан табылған.

Марқұмның денесінен оқ тиген жарақаттардың бары анықталыпты.

Қазір облыстық полиция қылмысты ашып, күдіктіні анықтап, оны ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Аталған деректі тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша тіркеген.

Ведомствоның хабарлауынша, іс Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында тұр.