Автобусты Қазақстан азаматы жүргізгені белгілі болды
Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус КамАЗбен соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды tengrinews.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Волгоград облысы бойынша Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық көлікте барлығы 56 адам болған. Оның төртеуі қазақстандық, екеуі Тәжікстан азаматы, қалғаны өзбекстандықтар.
Автобусты Қазақстан азаматы айдағаны белгілі болды. Апат салдарынан автобус жүргізушісі және екі қазақстандық әртүрлі жарақат алған. Олар Волгоградтың ауруханаларының біріне жеткізілді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алған жарақаттар қазақстандықтардың өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазақстанның Астрахандағы елшілігі аурухана әкімшілігімен және полиция өкілдерімен байланыста екенін жеткізген.