Оқиға орнына келген жедел уәкілдер қажетті бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізіп, бақылау камераларының бейнежазбаларын зерделеген
Алматы облысының полицейлері мешіттегі гүл ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласының тәртіп сақшыларына қалалық мешіттің діни қызметкері хабарласып, ыдысқа отырғызылған гүлді белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы айтқан.
Оқиға орнына келген жедел уәкілдер қажетті бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізіп, бақылау камераларының бейнежазбаларын зерделеген. Жедел топ құрамында болған Талдықорған қалалық ПБ Шығыс ҚПБ учаскелік полиция инспекторы Ильяс Фурманұлы қызмет көрсетілетін учаскесін жақсы меңгергенін дәлелдеді. Ол қаладағы шағын аудандардың бірінде тұратын 43 жастағы күдіктінің мекенжайын жылдам анықтап, ұстады. Күдіктіден тәркіленген гүлдер мешітке қайтарылды. Күдікті әйелдің айтуынша, ол гүлдерді өте қатты жақсы көреді екен. Сондықтан, осы құмарлығына қарсы тұра алмай, ыдысқа отырғызылған гүлдерді үптеп кеткен. Тексеру барысында әйелдің бұған дейін заңға қайшы әрекеті анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.