Астанада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды
elements.envato.com
ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Өрт сөндіру қызметіне 21 ақпанда сағат 12:26-да Астанадағы Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайында пәтердің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 2-қабаттағы пәтердің 25 шаршы метр аумақты құрайтын жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала бар. Бұған қоса 125 адам эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32