Астанада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды

21.02.2023 21:23

ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды

sn.kz

Астанада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өрт сөндіру қызметіне 21 ақпанда сағат 12:26-да Астанадағы Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайында пәтердің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 2-қабаттағы пәтердің 25 шаршы метр аумақты құрайтын жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала бар. Бұған қоса 125 адам эвакуацияланды»,  делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Теги: пәтер