Жер асты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан
Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ Сейсмологиялық желілер стансасымен 5-ақпан күні Алматы уақытымен сағат 14.18 жер асты дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта Қазақстанның аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергитикалық каласы 8.6. Магнитуда күші MPV 3.5 құраған. Ал тереңдігі 10 шақырым», - делінген хабарламада.