Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты

Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz
Қаза болған жолаушы келіншек отбасының жалғыз асыраушысы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды, ал жолаушы келіншек отбасының жалғыз асыраушысы болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қаза болған Айзат Нұрекенова Қарағанды облысында тұрған. Денесін жеткізуге көмектесеміз. Ол отбасының жалғыз асыраушысы болған, артында кәмелетке толмаған баласы қалды», -  деді брифинг барысында  «Астана ЛРТ» басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Жүргізуші Оспанов Абай Амангелдіұлы. Оның үйіне барып қайттық, артында төрт баласы қалды», - деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков.

«Астана ЛРТ» басшысының айтуынша, жүргізуші таңғы сағат 06.30-да медициналық тексерістен өткен. Денсаулығына қатысты ешқандай проблема болмаған. 2018 жылдың желтоқсанында жыл сайынғы медициналық тексерістен өткен.

Еске салайық, бүгін, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан болатын.


Новости партнеров