Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ірі сауда орталықтары жұмыс істемейді

23.03.2020 21:25

Жаңа бұйрық қос шаһарға жүрмейді

vlast.kz


Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі ірі сауда үйлерінің қайта жұмыс істейтіні туралы Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығының Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына еш қатысы жоқ екені туралы түсініктеме берді. Яғни, қабылданған ұсыныстар карантин режимі енгізілген аумақтарда жүрмейтіндіктен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ірі сауда орталықтары қазірше жұмыс істемейді.

«Әкімдердің шешімі мен тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша нысандардың қызметін тоқтата тұруға дейін қосымша шектеу шаралары енгізілген аумақтарда бұйрық қолданылмайды», – деп түсіндірді ведомство.  

Айта кетсек, бұған дейін іліміздегі ірі сауда орталықталықтарының қайта жұмыс істейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Еске салсақ, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі енгізілгендіктен, аталмыш қалаларда сауда үйлері жұмысын толық тоқтатты. Тек, дәріхана мен азық-түлік сататын нүктелер кешкі 18.00-ге дейін ашық болады.