Журналист Юрий Елисеев қайтыс болды

28.07.2020 в 21:25

Юрий Елисеев түрлі жылдары "Интерфакс" агенттігі мен "Литер" газетінде жұмыс істеген

Фото: ашық дереккөзден

27 шілдеде қазақстандық журналист Юрий Елисеев пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, бірнеше ай бұрын Юрийден онкология анықталды. Бірақ ол берілмеді, аурумен соңына дейін күресті. Юрий жақсарып келе жатқан, аурудың беті әрі қарай бастаған. Сол кезде ол: "Мен әлі немерелерімді көруім керек" деген еді. Көрді. Қуанды. Бірақ бір кезде пневмония пайда болды. Онымен өзі де әлсіреген организм күресе алмады», – дейді Юрий Елисеевтің досы Евгений Дробязко.

Юрий Елисеев түрлі жылдары "Интерфакс" агенттігі мен "Литер" газетінде жұмыс істеген.