Мельбурн маңында 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Соңғы бірнеше жылда қалада мұндай ірі жер сілкінісі болмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәрсенбі күні Австралияның оңтүстік бөлігіндегі Мельбурн қаласы маңында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Австралияның Виктория штатының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі өзінің Twitter аккаунтында жер сілкінісінің ошағы Виктория штатының Мансфилд ауылдық қалашығына жақын маңда орналасқанын айтқан. Бастапқыда жер сілкінісінің күші 6 балл болып, кейінірек 5,9 балл болып бағаланды. Австралияның екінші үлкен қаласы – Мельбурнның орталық бизнес ауданында кем дегенде бір ғимарат пен жлектр беру желілеріне зақым келді. Соңғы бірнеше жылда қалада мұндай ірі жер сілкінісі болмаған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат хабарланған жоқ. Сондай-ақ, жер сілкінісінің дүмпуі эпицентрден 800 км қашықтықта Оңтүстік Австралияның Аделаида қаласында, сондай-ақ эпицентрден 900 км қашықтықта Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Сиднейде сезілді делінген. Виктория штатының мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі цунами қаупін жоққа шығарды. Австралия аумағы тектоникалық плитаның ортасында орналасқан, сондықтан ірі жер сілкіністері өте сирек кездеседі. Geoscience Australia мәліметтері бойынша, 6.6 баллдық ең ірі жер сілкінісі 1988 жылы Солтүстік аумақта тіркелген.



Новости партнеров