Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды
Шығыс Қазақстан облысында көлік жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Оқыс оқиға Алтай қаласында орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тойота тізгіншісі жергілікті көлік жөндеу орталығына жоғары жылдамдықпен келіп соғылады. Салдарынан жол жиегінде тұрған екі азамат зардап шекті.
Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, жүргізуші дін аман. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.