|
17.03.2021 | 17:00
3444

Күйіп қалған «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада қайтыс болды

Оның денесінің 90 пайызы күйген

Күйіп қалған «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада қайтыс болды Almaty.tv

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында бояу құйылған бөшке жарылысынан зардап шеккен 50 жастағы жұмысшы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға салдарынан оның денесінің 90 пайызы күйіп қалған болатын. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасы екінші зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады. Ол қажетті ем алып жатыр. 

«Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға өте ауыр күйік жағдайында және денесінің 90% термиялық күйік шалған күйінде түсті. Медициналық қызмет көрсетудің барлық кешеніне қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 15 наурызда қайтыс болды», – деді Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурыз күні Теміртауда «Арселор Миттал» компаниясындағы жылу орталығында жарылыс болып екі адамды күйік шалған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир