Ал 7 жастағы баланы ауыл тұрғындарды құтқарып алған
14 наурыз күні Атырау облысында кешкі сағат 21:20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Мұны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға орнында 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жастағы баланы ауыл тұрғындарды құтқарып алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде екен.
Облыстық Полиция департаменті қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.