|
08.12.2021 | 16:27
573

Петропавлда екі адамды автобус қағып кетті

Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған

Петропавлда екі адамды автобус қағып кетті

Петропавлда бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтпей, жолды кесіп өтпек болған екі жүргіншіні қоғамдық көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде Петропавлдағы Букетов-Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апатының бейнежазбасы тарады. Екі жүргінші бағдаршамның жасыл түсі жануын күтпей жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан оларды қатты жылдамдықпен келіп қалған автобус соқты. Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Жазбадан жол-көлік оқиғасының 3 желтоқсан күні кешкі сағат 19.56-да болғанын көруге болады. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасында екі адам зардап шекті. 

«2007 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл болды, сондықтан тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қыздың қасында болған 30-дар шамасындағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ер адамның үш қабырғасы сынған, жабық бас сүйек-миы зақымданған», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнар Қалиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир