|
29.03.2021 | 16:28
1036

Қостанайда есірткі саудалаған қылмыстық топ әшкере болды

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынды

Қостанайда есірткі саудалаған қылмыстық топ әшкере болды стоп кадр

Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінен Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласына есірткі жеткізуді ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қостанай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топтың бас фигуранты Денисов ауданының 51 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол осы жылдың қаңтарында 8 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топ ұйымдастырған. Одан бөлек, есірткі сату үшін тағы бес жергілікті тұрғынды тартыпты. Көтерме сауда партиясын жеткізуші рөлінде Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны, ал жеткізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болған. Ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен 26 сығымдалған гашиш таблеткасы, ақша және банк карталары табылды. Тәркіленген гашиш пен марихуананың жалпы салмағы 10 килограммнан асады. Мұндай операция бір мезгілде Қостанай, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтанда жүргізілген. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынды. Жедел тергеу іс-қимылы жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир