Полиция көлігінен қашып кеткен күдікті көп ұзамай ұсталды

23.09.2020 21:29

Тәртіп сақшылары әкімшілік жазаға тартылды

Қостанайда полицияның тұтқындар таситын көлігінен күдікті қашып кетті. Оның бұл әрекеті басқа көліктегі бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мына кадрларда бағдаршамға тоқтаған қызметтік көліктен ішімдікке тойып алған ер адамның оп-оңай есікті ашып, бой тасалағанын көруге болады. Алайда қашқын ұзап кете алмады. Не болғанын түсінген полицейлер тұтқынды ұстап, ішкі істер бөлімшесіне жеткізді. Кейін белгілі болғандай, ол мас күйінде қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынған екен. Ал оны дұрыс күзетпеген тәртіп сақшылары әкімшілік жазаға тартылды.