Ақтаулық полиция қызметкерлері өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарды

03.07.2019 23:03

Ақтаулық полиция қызметкерлері сүйіктісімен жанжалдасып, көпқабатты тұрғын үйден секіруге талпынған ер азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды lada.kz.

Оқиға Ақтаудағы 11 ықшамауданда орналасқан үйде 2 шілде күні шамамен кешкі 21:00-де орын алған.

Көшеде кезекшілікте жүрген Уланбек Қылыш пен Қуаныш Сансызбай қыздың айқайлаған дауысын естіпті.

Тәртіп сақшылары тез арада көмекке келді. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер де оқиға орнына жеткен.

«Полиция қызметкерлері өз өмірлерін тәуекелге тігіп, ер азаматты құтқарды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер азаматтың мұндай қадамға қызымен жанжалдан кейінгі эмоционалдық жағдайы барғаны белгілі болды.