Алматы облысында автобус жүргізушісін соққыға жыққандар ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қылмыстық факт бойынша материалдар сотқа жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрып тастағандар ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Терминалдағы ақауға байланысты жүргізуші мен жолаушы сөзге келіп қалған. Автобустың бейнебақылау камерасындағы жазбадан ұрыстың арты төбелеске ұласқан. Дегенмен жолаушы кісі діттеген жерге жетпей түсіп қалады. Жетігендегі соңғы аялдамаға келгенде ұлы мен оның досын шақырып, жүргізушіні соққыға жығып, 70 мың теңгесін тартып алған. 

«Күдіктілер анықталып ұсталды. Олар Талғар ауданы, Нұра ауылының 2 тұрғыны: сол жолаушының  28 жастағы баласы және 21 жастағы досы. Сот медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес қоғамдық көлік жүргізушісіне жеңіл дене жарақаты келтірілген», – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Қылмыстық факт бойынша материалдар сотқа жіберілді. Ал күдіктілер автобус жүргізушісінен кешірім сұрады. 

Новости партнеров